Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы дербес коммерциялық емес ұйым құрды

МӘСКЕУ. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ -  Ұжымдық қауіпсіздік  шарты ұйымының жанынан   Қауіпсіздік мәселелеріндегі  талдау  және зерттеулер  жөніндегі   институт  құрылды.  Бұл туралы бүгін  Мәскеуде  өткен баспасөз мәслихатында   ҰҚШҰ Бас хатшысы   Николай  Бордюжа   мәлім етті.
None
None

«Біз дербес коммерциялық емес  ұйым -  ҰҚШҰ институтын   құрдық.  Ол құрылым   бірнеше  бағытта  жұмыс істейтін болады.   Атап айтқанда,  бұрынғы кеңестік  кеңістіктегі     жағдайды  және  ықпалдастық   үдерістерді  талдау,   тиісті   ұсыныс-кеңестер  дайындау,  сондай-ақ     ықпалдастық және ұжымдық қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету салаларындағы    зерттеулер  қызметтерімен   айналысады.

«Институт аталған   бағыттардан басқа,     әскери  ынтымақтастық,    ығыттар  мен   қауіп-қатерлерге қарсы күресу саласындағы   тәжірибелік  қызмет,  сыртқы саясат  қызметін  үйлестіру сияқты  мәселелермен    айналысатын болады», - деді Н.Бордюжа.

Ұйым  басшысының айтуынша,  мұндай  институтты  құру  қатысушы елдерге     терең  зерттеулермен,  талдау  жұмыстарымен,  біздің мемлекеттеріміздің  ақпараттық   қызметімен  айналысуға, сондай-ақ      қауіпсіздік саласындағы    түйінді пікірлер  айтатын  сарапшылардың,   саясаткерлердің  нақты санатымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Н.Бордюжаның айтуынша, Қазақстанда  институттың  бюросы  республика басшылығының    келісімімен   ғана  және   қазақстандық   өкіметпен    бірлесе  отырып,   ҰҚШҰ   ақпараттарын  ілгерілетумен  айналысатын  коммерциялық ұйым  ретінде  құрылатын     болады.

Институттың штаб-пәтері Мәскеуде орналасады. Оның құрылтайшылары - ҰҚШҰ Хатшылығы мен «Халықаралық ұйымдар мәселелерін зерттеулер институты» дербес коммерциялық емес ұйымы.

Соңғы жаңалықтар