В.Божко: Қазақстан 20 жыл ішінде 11 елге гуманитарлық көмек көрсеткен

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1995 жылдың қазанында Қазақстан Республикасында төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитет құрылғаннан бері еліміз халықаралық ынтымақтастықты дамытып, 11 елге гуманитарлық көмек көрсеткен. Бұл туралы бүгін азаматтық қорғаныс ісінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиында ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко мәлім етті.
None
None

«Халықаралық ынтымақтастық саласында да үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Бүгінде әлем Қазақстанды халықаралық гуманитарлық ынтымақтастыққа белсенді араласатын держава ретінде таниды. 20 жыл ішінде Қазақстан 11 елге 1 млрд теңге сомада гуманитарлық көмек көрсеткен. Бұл халықаралық қауымдастық тарапынан құптарлық іс ретінде бағасын алған әрі Қазақстан қол ұшын берген елдердің азаматтары мен билік өкілдері де алғыстарын айтқан», - дейді В.Божко. Төтенше жағдайлар қызметінің халықаралық ынтымақтастығы туралы толықтыра келе В.Божко: «Қазақстан Орта Азиядағы елдердің арасында алғашқылардың бірі болып апаттар санын азайту жөніндегі Азия орталығына және Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымына мүше болған ел», - деп атап өтті. Оның үстіне, министрдің орынбасары атап өткендей, Қазақстан ТМД елдерінен өзге, ШЫҰ, ҰҚШҰ, БҰҰ, НАТО сияқты халықаралық ұйымдармен қарқынды қарым-қатынас орнатқан.

Соңғы жаңалықтар