19:02, 17 Ақпан 2016 | GMT +5
В.Божко тікұшақпен Қарағанды облысындағы су қоймаларын тексеріп шықты (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божконың жетекшілігімен ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің қызметкерлерінен құралған топ Қарағанды облысында болды.

Сапар мақсаты - Қарағанды облысындағы су тасқынына дайындықты байқау.
Жиында жергілікті атқарушы билік органдарының, жол және коммуналдық қызметтердің басшылары су тасқыны қаупі төнетін кезеңге дайындығы пысықталды.
Тікұшақпен ұшу кезінде бірқатар елді мекендерді қарап, Ынтымақ, Чкалов және Саран су қоймаларының жағдайы бақыланды. Нұра және Шерубай-Нұра өзендері арнасының жағдайы тексерілді.