Вьетнам ЭКСПО-2017 көрмесіне қызу дайындалып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы 24-25 ақпанда Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысушылардың халықаралық жиыны қарсаңында Вьетнамдағы Қазақстан Республикасының Елшісі Бекетжан Жұмаханов «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі Вьетнам ұлттық секциясының коммисары, Вьетнамның мәдениет, спорт және туризм министрлігінің халықаралық ынтымақтастық департаментінің бас директоры Нгуен Чунг Кханмен кездесті.
None
None

Б. Жұмаханов Қазақстандағы халықаралық көрмеге қатысты жүргізіліп жатқан дайындық жұмыстары жайлы баяндады. Көрменің негізгі «Болашақ энергиясы» тақырыбымен таныстырып, тарапты Вьетнамның көрмеге қатысу мәселесі бойынша ұйымдастыру жұмыстарын белсенді түрде жүзеге асырып, өздерінің жетекші технологияларын таныстыруды ұсынды.

Нгуен Чунг Кхань вьетнамдық делегацияның «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысушылардың халықаралық жиынына қатысатынын растады. Вьетнам жақын арада өзінің ұлттық павильонының тұжырымдамасын құрастыра бастайды.

Вьетнамның ЭКСПО халықаралық көрмелеріне қатысу тәжірибесі мол. Вьетнам павильондары соңғы төрт Сарагос (Испания), Шанхай (ҚХР), Ёсу (Оңтүстік Корея) және Миландағы (Италия) көрмеде таныстырылды. Миланда вьетнамдық павильонда 5 млн. қонақ болды.

Вьетнам - «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатынын растаған Оңтүстік-Шығыс Азиядағы алғашқы елдердің бірі.

2015 жылдың шілдесінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ мен Вьетнамның жетекші «Saigontourist» туристтік компаниясы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
null

Соңғы жаңалықтар