16:58, 29 Қаңтар 2009 | GMT +5
В.Путин Б.Клинтонмен, Н.Назарбаевпен, Пәкістанның, Түркияның премьерлерімен кездесті
ДАВОС. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат – Бүкіләлемдік экономикалық форумға қатысып жатқан РФ Премьер-Министрі Владимир Путин АҚШ-тың экс-президенті Билл Клинтонмен әңгімелесті,

деп хабарлады журналистерге РФ үкімет басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков. Оның айтуынша, сұхбат сәрсенбі күні өтті және едәуір ұзақ болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.Путин мен Клинтон Давостағы Бүкіләлемдік экономикалық форумға қатысушылар үшін ресей премьерінің атынан ұйымдастырылған салтанатты қабылдауда әңгімелесті.«Пікір алмасу достық шырайда және бейресми сипатта өтті», - деді Песков, оның айтуынша, Путин мен Клинтон әлемдегі, Ресейдегі, АҚШ-тағы экономикалық жағдай туралы пікір алмастыҚабылдау кезінде В.Путин, сондай-ақ Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен және Пәкістан премьер-министрі Юсуф Раза Билланимен әңгімелесті. Осындай сұхбат БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен, Түркия Премьер-министрі Тайып Ердоғанмен арада өтті.