В.Путин: Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы декларацияға 2011 жылдың желтоқсанында қол қойылады деп болжануда

ТАНА. 19 қазан. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы декларацияға 2011 жылдың желтоқсанында қол қойылады деп болжануда.

В.Путин: Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы декларацияға 2011 жылдың желтоқсанында қол қойылады деп  болжануда

Бұл туралы Кеден одағы және Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың үкімет басшылары отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихаты барысында РФ Үкіметінің басшысы Владимир Путин мәлім етті.

Оның атап өткеніндей, құжатқа Ресей, Қазақстан және Беларусьтың мемлекет басшыларының кездесуі кезінде қол қойылуы мүмкін, деді деп хабарлайды РБК.

«Бұл Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы идея нақты сипатқа ие болды дегенді білдіреді», - деп атап өтті В.Путин.