В. Янукович Украинаға Кеден одағы аясында бақылаушы мәртебесін беру ұсынысымен Астанаға келді

АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Украина президенті Виктор Янукович Астанада өтетін Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысады, деп хабарлайды Укринформ.
None
None

Аталмыш кездесуде украиндық тарап Еуразиялық экономикалық қауымдастықпен және Кедендік одақ мемлекеттерімен ынтымақтастықты тереңдету туралы меморандумды ұсынатын болады. Құжат атап айтқанда, Украинаға Кеден одағы аясында бақылаушы мәртебесін беруді қарастырады.

Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес - Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің Кедендік одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістігінің жоғары органы болып табылады.

Еске салайық, бүгін Астанада Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің президенттері Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысын өткізеді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Астанаға сондай-ақ Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев пен Украина Президенті Виктор Янукович те келді. Толығырақ.

Соңғы жаңалықтар