Вадим Шарлаимов семсерлесуден Азия чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді

АСТАНА. KAZINFORM – Семсерлесуден Индонезияның Бали аралында өтіп жатқан Азия чемпионатында Вадим Шарлаимов қола жүлдеге ие болды. 

Вадим Шарлаимов семсерлесуден Азия чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді
Фото: ҰОК

Отандасымыз семсермен айқасудан ерлер арасындағы жекелей сында үздік үштіктен көрінді. 

Шарлаимов жартылай финалда жапониялық Масару Ямадаға есе жіберіп, қола жүлдені қанағат тұтты. 

Бірінші орынды қытайлық Ван Цзыцзе жеңіп алды. Екінші орынды Масару Ямада еншілесе, үшінші сатыны Вадим Шарлаимовпен бірге Қытай өкілі Синькунь Чжан бөлісті.

Еске сала кетейік, бұған дейін семсерлесуден Азия чемпионатында Қазақстан екі мәрте үздік ондыққа енгенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар