Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Вафлиге салған: қызылордалық түрмедегі танысына есірткі алып өтпек болған

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Қызылорда облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінде жазасын өтеушіге танысы тыйым салынған затты сәлем-сауқат арасына жасырып алып өтпек болған.

Вафлиге салған: қызылордалық түрмедегі танысына есірткі алып өтпек болған
Фото: Polisia.kz

Департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, мекеме қызметкерлері азық-түлік өнімдерін белгіленген тәртіппен тексеру барысында вафлидің арасына жасырылған жасыл түсті, өзіне тән иісі бар белгісіз затты анықтады.

– Аталған дерек бойынша жедел тергеу тобы шақыртылды. Тәркіленген затқа сот-химиялық сараптама жүргізілді. Сараптама қорытындысына сәйкес оның жалпы салмағы 11 грамм есірткі екені анықталды. Бүгінде Қылмыстық кодекстің 296-бабының 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр, – делінген хабарламада.

Ал жуырда Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында полицейлер есірткі құрамды өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегін анықтады.