Валюталық реттеу туралы келісімшарт жобасын біз бүгін қабылдаған жоқпыз - Өмірзақ Шөкеев

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің 1-орынбасары Өмірзақ Шөкеев бүгін Алматыда ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің Кеден одағы елдерінің вице-премьерлерімен болған кездесуі кезінде айтты.
«Алматыда ТМД Экономикалық кеңесінің 51-ші отырысы болды. Онда «Валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы саясаттың негізгі қағидалары туралы» келісімшарт жобасы қаралды. Бірақ бүгін біз оны қабылдаған жоқпыз», -дейді ТМД Экономика кеңесінің мүшесі Өмірзақ Естайұлы. Ө. Шөкеевтің айтуынша, «Валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы саясаттың негізгі қағидалары туралы» келісімшартқа қатысты ҚР Ұлттық банкінің өз ұсыныстары бар. Олар жобадағы бірқатар кемшіліктерді айтып жатыр. Сондықтан ол алдымен мемлекеттік органдар арасында талқыланбақ.