Ванкуверде қазақстандық биатлоншы Елена Хрусталева 7,5 шақырымдық спринтте бесінші орынды қанағат тұтты
СТАНА. Ақпанның 15-і. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - Ванкувер Олимпиадасында қазақстандық биатлоншы Елена Хрусталева 7,5 шақырымдық спринтте бесінші орынды қанағат тұтты.
Әлемнің күшті деген биатлоншы қыздарымен бақ сынасқан Елена көмбеде жүлдегерлерге сәл есе жіберіп алды.
Енді Елена із қуу жарысында өнер көрсетеді, осы бәсекеде ол атақты қарсыластарымен жүлдеге таласа алады.
Ал спринт жарысында бұрын Ресейдің атынан өнер көрсеткен, қазір Словакияның азаматшасы атанған Анастасия Кузьмина жеңіске жетті. Екінші орынды неміс Магдалена Нойнер, ал үшінші орынды француз Мари Дорин иеленді.