Ванкуверде қазақстандық шаңғышы Светлана Малахова-Шишкина 10 шақырымдық жарыста 10-шы болып келді
bsp; Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - Ванкувер Олимпиадасында қазақстандық шаңғышы Светлана Малахова-Шишкина 10 шақырымдық жарыста оныншы болып келді.
Светлана танымал шаңғышылардан оқ бойы озық келгенімен, жүлделі орынға іліге алмады. Спорттың бұл түрінде швед шаңғышысы Шарлотта Калла олимпиада чемпионы атанды. Екінші орын эстондық Кристина Шмигун-Ваехиге бұйырса, «қоланы» норвегиялық спортшы Марит Бьорген қанағат тұтты.
Мәре сызығын 27-ші болып кескен біздің Елена Коломина үздік отыздыққа енсе, Татьяна Рощина мен Оксана Яцкая көмбеге 36-шы және 40-шы болып келді.