Варшава: ҚР басшылығының іс-қимылы қоғам мен барлық азаматтардың өзара қарым-қатынасын нығайтуға бағытталған - ҮЕҰ өкілі О.Чернышев

РШАВА. 7 қазан. ҚавзАқпарат /Тимур Бектұрғанов/ - Бүгінгі таңда қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанда 100-ден астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.

Варшава: ҚР басшылығының іс-қимылы қоғам мен барлық азаматтардың өзара қарым-қатынасын  нығайтуға бағытталған - ҮЕҰ өкілі О.Чернышев

ҚР басшылығы жасаған жағдайдың арқасында елде қоғамның тұрақты шоғырлану үрдісі және ұлты мен діліне қарамастан, барлық азаматтар арасындағы қарым-қатынастың берік екендігі көрініс табуда.

Бұл туралы Варшавада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Шолу конференциясында ЕҚЫҰ аумағында тағаттылық пен кемсітпеушілік мәселелеріне арналған арнайы сессия барысында «Жергілікті өзін-өзі басқару орталығы» қоғамдық қорының төрағасы Олег Чернышев мәлім етті.

«Мемлекет басшысы атқарған жұмыс аз емес және болашақта да жоспар көп. Төзімсіздіктің әртүрлі формаларын жою бойынша жүргізілген жұмыстар басқа елдер үшін үлгі болуы керек», - дейді Қазақстан азаматтық қоғамының өкілі өз сөзінде.