Варшавада ЕҚЫҰ-ға қазақстандық төрағалық үшін тренинг өтеді

ВАРШАВА. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат – Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуге әзірлігі ауқымында ЕҚЫҰ-ның үш өзекті өлшемі бойынша білікті дипломаттар мен сарапшылар даярлаудың маңызы зор.
None
None
Ұйым қызметінің басты бағыттарының бірі - ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқығы бойынша бюросының мандатымен жүзеге асырылатын адами өлшемдер болмақ.Осыған байланысты 2009 жылғы ақпанның 18-мен 20-сы аралығында Варшавада алғашқы мамандандырылған тренинг ? ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқығы бюросы мамандарының қазақстандық төрағалық өкілдері үшін жасаған гуманитарлық тақырыптағы семинары өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның Польшадағы Елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тренинг барысында қатысушылар Ұйым қызметінің басты бағыттарын оқып үйренеді. Атап айтқанда, төзімділік және нәсілшілдікпен күрес, заңның үстемдігі, адам құқығы, гендерлік проблемалар, демократиялық басқару, сайлауларды өткізу және басқа тақырыптарда егжей-тегжейлі таныстырылымдар өтеді. Мұнда алған білімдер 2010 жылы Ұйымды басқару ауқымында, сондай-ақ күнбе-күнгі жұмыста пайдаланылады. Тренинг жұмысына ҚР Сыртқы істер, Мәдениет және ақпарат министрліктерінің, Орталық сайлау комиссиясының және Бас прокуратураның өкілдері қатысады.
Соңғы жаңалықтар