12:33, 04 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Вашингтонда USAID-тің Орталық Азиядағы жаңа аймақтық директоры ант қабылдады
АСТАНА. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат - Тамыздың соңғы күні USAID-тің Орталық Азиядағы жаңа аймақтық директоры - Эндрю Сиссон ант қабылдады,
деп хабарлайды АҚШ-тың халықаралық қатынастар жөніндегі агенттігі (USAID).
Сиссонның антын салтанаттың құрметті төрағасы болған, USAID Әкімшісінің міндетін уақытша атқарушы Алонзо Фулгхэмом қабылдады. Эндрю Сиссон қыркүйектің 3-інде Алматыдағы (Қазақстан) USAID-тің аймақтық кеңсесінде жұмысына кірісті.