Велоспорт: Валерия Кузнецова жасөспірімдер Азиадасында күміс жүлде алды

АСТАНА. KAZINFORM – Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасы Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында үшінші медалін жеңіп алды. 

Велоспорт: Валерия Кузнецова жасөспірімдер Азиадасында күміс жүлде алды
Фото: Сали Сабиров / ҰОК

28 қазанда қыздар арасында командалық сайыс өтті. Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, қазақстандық спортшы Валерия Кузнецова мәреге екінші болып жетті.

Өзбекстандық Гулхаё Сатторова жеңіс тұғырына көтерілді. Гонконг өкілі Чин Киу Лоу үздік үштікті түйіндеді. 

Анель Ташбай – 9-орын, Ирина Ивановская – 10-орын, Карина Мискова 19-орынды иеленді.

Айта кетейік, тас жолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында ел қоржынына үшінші жүлдені салды. Бұған дейін аралас команда мен Анель Ташбай алтын медаль жеңіп алған болатын.

Соңғы жаңалықтар