10:50, 25 Қаңтар 2009 | GMT +5
Венада ЕҚЫҰ 17-ші экономикалық және экологиялық форумының алғашқы бөлімі өтті
АСТАНА. Қаңтардың 25-і. ҚазАқпарат – Венада ЕҚЫҰ 17-ші экономикалық және экологиялық форумының алғашқы бөлімі өтті, оған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Әбденов бастаған қазақстандық делегация қатысты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Екі күндік кеңеске мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және қатысушы елдердің іскер топтарының, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың екі жүзден астам өкілдері қатысты. Форумның басты тақырыбы ? көші-қонды басқару проблемасы және оның экономикалық, әлеуметтік және экологиялық саясатпен өзара байланысы болды. Кездесуді ашқан ЕҚЫҰ Бас хатшысы Марк Перрен Бришамбо «...жаһандық қаржы дағдарысы ЕҚЫҰ кеңістігіндегі миллиондаған мигранттардың өміріне ықпал етеді, бұл өз кезегінде аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікке әсерін тигізеді. Сондықтан да кезекті форумға таңдалып отырған тақырып өте-мөте өзекті», деп атап өтті.Қазақстандық делегация басшысы еліміздегі еңбек мигранттарымен жұмыс тәжірибесі туралы айта келіп, бұл орайда ЕҚЫҰ-ның көші-қон проблемаларының өзекті мәселелерін шешудегі маңызды рөлін, мигранттар құқықтарын шешу саласында қажетті шараларды жүзеге асыру қажеттігін атап көрсетті. Венада болған кезде қазақстандық делегация Австрия Федералдық экономика және еңбек министрлігінде кездесу өткізді, форумда болған Чехия делегациясының, Еуропалық Одақ төрағасы-елінің, Румынияның және Беларустің басшылығымен кездесті. Форумда сондай-ақ Еуроазиялық экономикалық ұйымның бас хатшысы Тайыр Мансұров сөз сөйлеп, ұйымның қызметінің бастығы бағыттары ЕурАзЭҚ кеңістігіндегі ықпалдастық үрдістер, экономиканы қайта құру, қоғамдастық елдерінде жаһандық дағдарыс салдарларын еңсеру жөніндегі бірлескен іс-қимылдар туралы әңгімелеп берді.ЕҚЫҰ-ның жыл сайынғы экономикалық және экологиялық форумының екінші бөлімін осы жылғы мамыр айында Афиныда өткізу жоспарланып отыр.