17:18, 07 Шілде 2010 | GMT +5
Венадағы көрмеге Қазақстанның қазіргі заманғы өнер шеберлерінің «Гүлдер мен образдар» атты туындылары ұсынылды
ЕНА. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат /Тимур Бектұрғанов/ - Австрия астанасының мәдени өміріндегі жарқын оқиғалардың бірі ретінде Венада Қазақстанның қазіргі заманғы өнер шеберлерінің «Гүлдер мен образдар» атты туындыларынан құралған экспозицияның ашылуы болды. Бұл көрме веналық танымал қонақ үйлердің бірі - Рэдиссон Венада үстіміздегі жылғы шілденің 6-ы мен 19-ы аралығында өз есіктерін айқара ашты.

ЕҚЫҰ жанындағы ҚР өкілдігі мен «Іңкәр» жеке галереясының ұйымдастыруымен өткізіліп отырған көрмеге Фархад Камалов, Нәдірбек Жиреншиев, Шоқан Рамазанов, Валтер Никкарев, Александр Болюх, Нұржан Сауытбеков және Рашид Нұрекеев сынды талантты қазақстандық суретшілер мен мүсіншілердің туындылары ұсынылған.