Венесуэла президенті мен оның әйелі кемемен Нью-Йоркке жеткізіледі - Трамп
АСТАНА.KAZINFORM – АҚШ Венесуэла халқына бостандық алып бергісі келеді. Бұл туралы АҚШ көшбасшысы Дональд Трамп Fox News телернасына мәлім етті.
- Біз бөтен біреудің билікке келіп, оның бастаған ісін әрі қарай жалғастыра беруіне жол бере алмаймыз. Меніңше, Венесуэла халқы өте бақытты. Оларды диктатор басқарып келді, мүмкін одан да жаман шығар, - деді Трамп Венесуэла халқының бұдан арғы өмірі туралы айта келе.
Ақ үй басшысы Николас Мадуроны ұстау кезінде Федералдық тергеу басқармасы қызметкерлерінің қауіпсіздігін АҚШ-тың элиталы Дельта Форс» бөлімшесі қадағалағанын айтты.
- Біз бұны осыдан төрт күн бұрын іске асырмақ болғанбыз, алайда ауа райы қолайсыз болды. Бізге ауа райының қолайлы болғаны маңызды еді, біз Каракастағы жарықтың бәрін сөндірдік. Барлығы солай ойластырылған болатын,- деді ол.
Трамп Венесуэла президентімен пікірталас болғанын айтты және ол онымен жеке пікірлескен.
- Мадуро мен оның әйелі алдымен десант кемесінің бортына жеткізілді. Олар қазір сол кемемен Нью-Йоркке кетіп бара жатыр. Оларды тікұшақпен жеткізді. Оларға бұл ұнады деген ойдамын,-деді АҚШ президенті.
Осыған дейін АҚШ Венесуэла президентін есірткі терроризмі үшін айыптаған болатын.