Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Венесуэлада үш адам хантавирустан қайтыс болды

АСТАНА. KAZINFORM — Венесуэланың Денсаулық сақтау министрлігі хантавирус жұқтырған үш адамның қайтыс болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Анадолы.

хантавирус
Фото: Shutterstock/FOTODOM/ Nuzhat Gallery

Вирус жұқтырғандардың үшеуі де Ансоатеги штатынан.

Министрлік қайтыс болғандардың кім екенін және жасы туралы ақпарат жарияламады. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу басталғанын атап өтті.

Сонымен қатар, Венесуэланың Денсаулық сақтау министрлігі елдің батысындағы Баринас штатында да екі медицина қызметкерінің белгісіз себептерден қайтыс болғанын хабарлады.

Мәлімдемеде Баринастағы жағдай мен Ансоатеги штатында расталған хантавирус инфекциясы арасында ешқандай байланыс жоқтығы айтылған.

Бұған дейін Нидерландтағы емхана қызметкерінен хантавирус анықталғаны хабарланған болатын.