Венесуэладағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 4 мың адамнан асты
АСТАНА. KAZINFORM — Венесуэладағы жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 4 118 адам болды. Ел билігі мыңдаған адамның зардап шеккенін, көп ғимараттың қирағанын және ауқымды құтқару жұмыстарының жалғасып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.
Бұл туралы Боливариан Республикасының Ұлттық ассамблеясының (парламент) төрағасы Хорхе Родригес хабарлады.
Родригес өзінің Telegram-каналында үкіметтің күнделікті мәліметін жариялады. Онда табиғи апат салдарынан 16 740 адам жарақат алғаны, 17 907 адам баспанасыз қалғаны айтылған. Сонымен қатар 190 ғимарат толық қирап, тағы 856 ғимаратқа айтарлықтай зақым келген.
Іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде 6 462 адам құтқарылды. 29 966 адам ауруханалар мен медициналық мекемелерде ем қабылдаған. Зардап шеккен 86 794 отбасыға көмек көрсетіліп, оларға 9 766 тонна азық-түлік жеткізілген.
Еске салайық, 2026 жылғы 24 маусымда Венесуэлада араға небәрі 39 секунд салып магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі жойқын жер сілкінісі тіркелді. БҰҰ Даму бағдарламасының бағалауынша, табиғи апаттан келген экономикалық шығын шамамен 6,7 миллиард доллар болды. Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Бұған дейін 3 889 адам қаза тапқанын, ал 16 740 адамның жараланғанын хабарлаған едік.