Венгрия ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынын қуаттады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Венгриядағы Елшілігінде Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу ауқымында Венгрияның бірқатар ресми тұлғалары мен қоғам қайраткерлерін Әл-Фараби және Бейбарыс сұлтан халықаралық қайырымдылық қоры тағайындаған медальдармен марапаттау рәсімі өтті.
None
None

Қор президенті Сапар Ысқақов Венгрия ұлттық экономика министрі Михай Варгаға, Венгрияның ауыл шаруашылығы министрі Шандор Фазекашқа және басқаларға наградаларды тапсырды. Өз кезегінде С.Ысқақов Қыпшақтар одағының құрмет грамотасымен марапатталды.

Шараға ұлттық экономика министрі М.Варга қатысты, ол Венгрияның «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысатынын ресми қуаттады, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Венгрияға сапары ауқымында С.Ысқақов Лакителек және Қарсақ қалаларында болып, Венгрия Мемлекеттік жиналысы төрағасының орынбасары Шандор Лежакпен және Яс-Надькун-Солнок облыстық кеңесінің төрағасы Шандор Ковачпен кездесті, сондай-ақ «Пештихидегкут» жазғы XVII өнер фестиваліне қатысты, онда «Көк түріктер» фольклорлық-этнографиялық ансамблі өнер көрсетті.

Соңғы жаңалықтар