Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Венгриядағы рейтингтік турнир: Едіге Қасымбек финалға шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Венгрия астанасы Будапештте күрес түрлерінен рейтингтік турнир жалғасып жатыр.

Венгриядағы рейтингтік турнир: Едіге Қасымбек финалға шықты
Фото: United world wrestling

Жарыстың екінші күнінде Қазақстан құрамасының төрт өкілі финалдық кезеңге жолдама алды.

Еркін күрестен 125 келіге дейінгі салмақта Едіге Қасымбек финалға шықты. Ол алтын медаль үшін Польша балуаны Камиль Томаш Косьчолекпен белдеседі.

Бүгін, 16 шілдеде, Шамсат Таир, Нұрдәулет Қуанышбай (79 келіге дейін) және Зейнеп Баянова (50 келіге дейін) қола медаль үшін күреседі.

97 келіге дейінгі салмақта Ризабек Айтмұхан жартылай финалға дейін жеткенімен, жарақатына байланысты белдесуге шыққан жоқ. Сондай-ақ ол қола медаль үшін өтетін белдесуге де қатыспайды.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан балуандары Венгриядағы рейтингтік турнирде алты медаль жеңіп алғанын хабарлаған едік.