Венгриядағы Қазақстанның елшісі Рашид Ыбыраев осы елдің жаңадан сайланған сыртқы істер министрі Янош Мартонимен кездесті

Қазақстандық дипломат әңгімелесушіні жоғары лауазымға тағайындалуымен құттықтай келе, оның қазақстандық әріптесі - ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасы, Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың құттықтауын жеткізді. Р.Ыбыраев Венгрияның жаңа сайланған үкіметінің басшылығымен Астана мен Будапешт арасындағы байланыстар жоғары деңгейге көтерілетініне де өз үмітін артты.
Орын алған әңгімелесу барысында әр саладағы қазақстандық-венгрлік қарым-қатынастардың болашағы талқыланды. Тараптар қарқынды дамып келе жатқан екіжақты байланыстарға көңілдері толатындықтарын жеткізді. Сондай-ақ мұнай-газ секторы, ауыл шаруашылығы мен технология алмасу аясында сауда-экономикалық қарым-қатынастарды одан әрі кеңейтудің қажеттілігі де сөзге тиек болды.