Венгриядағы Қазақстанның мәдениет күндері басталды

Қазақ мәдениетімен танысып, білгісі келетін жандар да өте көп. Тіпті, қазақ тілін еркін меңгерген азаматтар да бар. Сондай-ақ, Қазақстанның Венгриядағы мәдениет күндері аясында екі елдің қарым-қатынасының нығаюына өлшеусіз үлес қосып жүрген азаматтар марапатталды. Мәселен, сондай азаматтардың бірі Венгрияның ұлттық экономика мен ауыл шаруашылығы министріне «Сұлтан Бейбарыс» атындағы төсбелгі табысталды. Қазақ тілін жергілікті студенттерге үйретіп жүрген ұстаз Оңғайша Мандоки «Әл-Фараби» атындағы медальмен марапатталды.
Екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық сонау 2000 жылдардан басталады.
2001 жылғы маусымда Қазақстанның Мажарстандағы мәдени күндері, ал 2002 жылғы маусымда Мажарстанның Қазақстандағы мәдени күндері өтті.
Екі ел арасында тығыз тарихи байланыстар орнатылған, Мажарстанда қыпшақтардың ұрпақтары тұрады. 2007 жылғы қарашада «Мажар қыпшақтары одағының» өкілдерімен кездесуі барысында Елбасы мажар қыпшақтарының Құрметті Көсемі болып сайланды.
2014 жылғы тамызда қазақ делегациясын бастаған ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы 4-ші Тұрын халықтар құрылтайына қатысты.
ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовтің Мажарстанға сапары барысында 2014 жылы Астана көшесі мен осы көшеде Абай ескерткіші ашылды. Бұл қазақтың ұлы ақыны Абайдың 170 жылдық мерейтойы қарсаңындағы атқарылған игі жұмыстардың бірі еді.
Мәдени ынтымақтастықтан бөлек сауда-экономикалық байланыс та нығайып келеді. Географиялық алшақтығына қарамастан, Қазақстан ТМД елдерінің арасында (Ресей мен Украинадан кейін) Мажарстан үшін 3-ші сауда серіктесі болып табылады.