Вице-министр: Отандық өндірушілер шикізатты жеңіл бағамен сатып алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Қазақстандық қайта өңдеуші кәсіпорындарды қажетті металдармен толық көлемде және жеңілдікті бағамен қамтамасыз ету үшін шикізат бағасын төмен бағамен реттеу тетігі әзірленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қазақстан машина жасаушыларының ІХ форумында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев осындай дерек айтты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрлік ірі өндірушілермен бірлесіп өңдеушілерді металдармен толық көлемде және жеңілдікті бағамен қамтамасыз ету бойынша уағдаластыққа қол жеткізді. Ол үшін отандық тауар өндірушілер үшін шикізат бағасын ЛМЕ (Лондон металдар биржасы) төмен бағамен реттеу тетігі әзірленді», - деді министрдің орынбасары.

Вице-министрдің айтуынша, бұл шара металдарды қайта өңдеуді ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде оң әлеуметтік-экономикалық тиімділікке әкеледі.

«Қазақстанның қайта өңдеу кәсіпорындарының қолжетімді шикізатпен қамтамасыз етілуі олардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады және шығарылатын өнімнің түр-түрін өсіруге мүмкіндік береді.

Жоғарыда аталған шаралар бәсекеге қабілетті жоғары технологиялық өнім өндіруді дамытуға, отандық өндірушілердің Қазақстан нарығындағы ұстанымын нығайтуға мүмкіндік береді және жаңа өткізу нарықтарына шығуына жәрдемдеседі. Бұл біз үшін өте маңызды, өйткені біздің елде айтарлықтай ішкі нарық жоқ. Оның үстіне, экспортқа бағдарлану бизнестің негізгі бағытына айналуға тиіс. Табысты отандық экспорттаушылар қоғамда «ел дамуының локомотиві» ретінде, ал олардың жемісті қызметі жалпыға ортақ әл-ауқат көзі ретінде қабылдануға тиіс», - деді ведомство өкілі.


Соңғы жаңалықтар