Виктор Демьяненко: Головкин жеңуге міндетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан кәсіби бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко «ҚазАқпарат» ХАА тілшісімен телефон арқылы байланыс кезінде алда өтетін қазақстандық Геннадий «GGG» Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес  жекпе-жегіне қатысты пікірін білдірді.
None
None

Бұрынғы белгілі боксшының ойынша, Дэниэл Джейкобспен жекпе-жекке қарағанда, GGG бұл айқасты мүлде басқаша өткізуге тиіс.

«Мен бізді өте тартысты айқас күтіп тұрғандығын сеземін. Біздің білетініміздей, Головкин мықты боксшы. Канело да осал емес. Мексикалық боксшының техникалық жағынан меңгергендері көп. Головкин соңғы Джэйкобспен айқасында біраз «қысылыңқырап» жүрді, Канеломен жекпе-жекте көбірек соққы беру керек, сонда бәрі біз күткендей аяқталады деп ойлаймын», - деді сарапшы.

«GGG»-дің қарсыласы жайлы сөз қозғаған Демьяненко Канелоның осал еместігін атап өтті.

«Оның жеңісті оңай бере қоймасы анық. Өйткені, Головкиннің барлық титулдары онда да бар. Мексикалық боксшыны жеңу үшін Головкинге барлық күшін салуға тура келеді. Мен Альварестің соңғы айқасын қарап шықтым, ол «аяқпен» жақсы жұмыс істейді, соққылардан қалай қашу керектігін біледі және жағдайды бақылауда ұстай алады», - деді КБФ-ының өкілі.

«Канело тактикалық тұрғыдан жақсы дайындалған деп ойлаймын. Өкінішке орай мен Головкиннің дайындықтарына қатыса алмадым, сол себепті оның айқас жайлы стратегияларын да айта алмаймын. Біз дайындық барысын көрмегендіктен, екі боксшының айқасқа дайындығы жайлы баға беруіміз дұрыс бола қоймас. Бірақ екеуі де жекпе-жекке дайын деп ойлаймын. Әрқайсысы жан-жақты қаруланып шығуы тиіс», - деді Демьяненко.

Соған қарамастан, Демьяненко отандасымыздың жеңісінен үмітті.

«Головкин жеңуге міндетті. Өйткені, оның әуесқойлық мектебі мықты. 

Соңғы жаңалықтар