Виктор Друзин ел қоржынына әртістік жүзуден әлем чемпионатында кезекті медальді салды
АСТАНА. KAZINFORM — Венгрияның Будапешт қаласында әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының соңғы жарыс күні өтіп жатыр.
Турнир аясында Виктор Друзин жүлдегерлер қатарынан көрінді. Ол еркін бағдарламада 257.1201 ұпай жинап, қола медаль иеленді.
Бұл бағдарламада Ресей өкілі Захар Трофимов 267.0426 ұпаймен жеңімпаз атанды. Испаниялық Энеко Санчес Агилар 264.4163 ұпаймен екінші орынға жайғасты.
Айта кетейік, бұған дейін Друзин техникалық бағдарламада да үшінші орын алған еді.
Сондай-ақ Алдияр Рамазанов пен Ясмина Исламова аралас жұптар арасындағы еркін бағдарламада екінші нәтиже көрсетті. Қазақстандық спортшылар акробатикалық бағдарламада да күміс жүлдеге ие болды.