Виктор Друзин әртістік жүзуден Азия чемпионы болды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық спортшы Виктор Друзин Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан жас ерекшеліктері бойынша әртістік жүзуден Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Виктор жасөспірімдер арасындағы еркін бағдарлама бойынша жеке сайыста (соло) қарсыластарына мүмкіндік бермей, Азия чемпионы атанды.
Күміс жүлдені Қытай өкілі, ал қола жүлдені Таиланд спортшысы иеленді.
- Виктор Друзин — 245.8345 ұпай
- Ченгхи Жин — 223.3400
- Хао Женг Ву — 155.1200
Айта кетейік, Виктор Друзин Қазақстанның әртістік жүзуден ұлттық құрамасының көшбасшыларының бірі. Мамандар оған алдағы Жапонияда өтетін Азия ойындарында да үлкен үміт артып отыр.
Бұған дейін ол көркем жүзуден Азия чемпионы атанғанын жазғанбыз.