Виктор Янукович кең форматта келіссөздер өткізу мүмкіндігі үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты

Бұл туралы Украина Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Біз экономика өсімі барлық мүмкіндіктер пайдаланылғанда, барлық күштер іске қосылғанда, инновация болғанда, өндірісті жаңарту жүріп жатқан жағдайда, қосымша құны жоғары өнімдерді шығару артқан кезде мүмкін болатынын жақсы түсінеміз», - деді В.Янукович.
Мемлекет басшысы елдердің экономикасын жаңарту әлемдік нарықтағы күшті бәскекелестік жағдайында өте маңызды екенін атап көрсетті. Кездесу кезінде тараптар Украина мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, екіжақты қатынастар қалыпты дамуда, елдер арасындағы тауар айналымы деңгейінің өсімі байқалуда. «Бізде бұл орайда табыс көп болуы тиіс», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Ол екі ел де тығыз байланыстарды жалғастыруға ниетті, деп қосты. Виктор Янукович кең форматта келіссөздер өткізу мүмкіндігі үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.
Украина Президенті Виктор Янукович Астанаға жұмыс сапарымен келді.