Вице-министр: Ресей – біздегі инфляцияның негізгі көздерінің бірі

АСТАНА. KAZINFORM – Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов Қазақстан экономикасының көрші елдерге тәуелділігі туралы пікір білдірді.

Инфляция өсімі аясында 2025 жыл сенімді басталды — Дүниежүзілік банк Қазақстан экономикасы жайында
Фото: Kazinform

- Бізде дағдарыс құбылыстарына арналған Ұлттық қор дейтін «қауіпсіздік қапшығы» бар. Басқа да көздер бар. Соншалық бір үлкен дағдарыс болады деп ойламаймын.

Қазір теңгенің қанша пайызға әлсірейтінін айтуға әлі ерте. Иә, біздегі инфляцияның негізгі көздерінің бірі – солтүстіктегі көршіміз Ресей Федерациясы. Бірақ басқа елдермен де жұмыс істеп жатырмыз. Экспорттың көбі Еуропа мен Батыс елдеріне, Қытайға бағытталатынын білесіздер. Бұл елдермен өзара доллармен есеп айырысамыз, - деді ол Мәжіліс кулуарында.

Сондай-ақ, бүгін Мәжіліс Салық кодексін қабылдады

Соңғы жаңалықтар