Владимир Путиннің Қытайға сапары аяқталды

АСТАНА. KAZINFORM — Ресей Президенті Владимир Путин Қытайға жасаған ресми сапарын аяқтады, деп хабарлайды ТАСС.

а
Фото: Кристина Соловьева/ POOL/ ТАСС

Агенттік мәліметінше, Владимир Путин түрлі келіссөздерге, кездесулерге және хаттамалық іс-шараларға барлығы шамамен 11 сағат уақыт жұмсаған.

Жұмыс бағдарламасы жергілікті уақыт бойынша таңғы 11-де Халық жиналысы үйіне келген сәттен басталды. Сапар сол күні кешкі сағат 22:00-де дәл осы жерде аяқталды. Күндіз Ресей президенті оған берілген мемлекеттік резиденцияға қысқаша аялдаған.

Әуежайға келген кезде Владимир Путинді шығарып салу үшін қысқаша рәсім ұйымдастырылды. Бейжіңдегі Шоуду әуежайында құрмет қарауылы сап түзеп, сондай-ақ қолдарына тулар ұстаған қытайлық оқушылар мен студенттер қоштасу рәсіміне қатысқан.

Бейжіңде өткен Си Цзиньпин мен Владимир Путин келіссөздерінің қорытындылары туралы материалды сілтеме арқылы өтіп таныса аласыз.