Волейбол: «Жетісу» клубы «Ақтөбені» камбэкпен жеңді

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырау қаласында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында ХХХIV Қазақстан чемпионатының екінші турында «Жетісу» клубы (Талдықорған) көшбасшылық орнын сақтап қалды.

Волейбол: «Жетісу» клубы «Ақтөбені» камбэкпен жеңді
Фото: Видеодан алынған скрин

Осыған дейін Марат Адрышевтің шәкірттері 33 ұпаймен бірінші орында тұрса, оларды «Ақтөбе» командасы (бас бапкері Сергей Трикоз) өкшелеп келе жатқан еді.

Егер бұл ойында ақтөбеліктер жеңсе, турнир кестесінде көш бастайтын еді. Бастапқы екі партия «Ақтөбенің» еншісіне жазылды – 25:16, 25:17. Дегенмен бұдан кейін талдықорғандықтар камбэк жасай алды – 27:25, 25:18, 15:13. Қорытынды есеп – 3:2, «Жетісудың» пайдасында. 

Осылайша, «Жетісу» ұпай санын 35-ке жеткізіп, көш басында қалды. «Ақтөбе» 33 ұпаймен әзірге екінші сатыда.

Ел чемпионы «Жайық» (Орал) үздік үштікті түйіндеп тұр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын волейболдан «Атырау» клубының «Жетісуды» тоқтата алмағанын жазған болатынбыз.

«Жайық» клубы көш басындағы «Жетісуды» ұтты

Соңғы жаңалықтар