Волейболдан Азия чемпионаты: Қазақстан қыздар құрамасы плей-офф кезеңіне шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Таиландта 18 жасқа дейінгі қыздар командалары арасындағы волейболдан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы өз тобындағы соңғы кездесуін өткізді.

Волейболдан Азия чемпионаты: Қазақстан қыздар құрамасы плей-офф кезеңіне шықты
Фото: volleyfederationkz

Бұл жолы Владимир Аниконовтың шәкірттері В тобында фавориттердің бірі — Қытай құрамасымен ойнады.

Қытайлықтар 3:0 (25:15, 25:5, 25:10) есебімен айқын басымдылықпен жеңіске жетті. 

Соған қарамастан, Қазақстан қыздар командасы өз тобында 6 ұпай жинап, екінші орынмен плей-офф кезеңіне жолдама алды. 

Қазақстандықтардың ширек финалдағы қарсыласы кейін анықталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан қыздар құрамасының волейболдан Азия чемпионатын жеңіспен бастағанын жазған едік.

Сондай-ақ волейболдан Азия чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді.