Волейболдан Азия чемпионаты: Қазақстан қыздары Индонезияны қапы қалдырды
АСТАНА. KAZINFORM — Таиландта волейболдан 18 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы кезекті ойынын өткізді.
Жартылай финалға шыға алмағанымен, 5-8 орындар үшін таласып жатқан Владимир Аниконовтың шәкірттері Индонезиямен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда индонезиялықтар 25:17 есебімен басымдылық көрсетті.
Екінші және үшінші сетті Қазақстан өз есебіне жазды – 25:23, 2517.
Төртіншісінде Индонезия таразы басын теңестірді – 25:21.
Шешуші, бесінші партияда қазақстандық қыздар жеңісті жұлып алды – 15:13. Қорытынды есеп – 3:2.
Ертең Қазақстан құрамасы Вьетнаммен шеберлік байқасады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын волейболдан Азия чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасы жартылай финалдан тыс қалғанын жазған едік.
Сондай-ақ волейболдан қазақстандық төреші Азияда үздік шықты.