Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Волейболдан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы анықталды

АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың Тяньцзинь қаласында 21-30 тамыз аралығында волейболдан әйелдер командалары арасында өтетін Азия чемпионатында бақ сынайтын Қазақстан құрамасына кімдердің алынғаны белгілі болды.

Волейболдан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы анықталды
Фото: Қазақстан волейбол федерациясы

Қазақстан волейбол федерациясынан мәлім еткеніндей, мына ойыншылар құрлықтық додада ел намысын қорғайды.

Байланыстырушылар:

Ирина Кузнецова,
Раянна Дүйсенбаева.

Либеролар:

Мәдина Бекет,
Мария Сырыгина.

Орталық тосқауыл коюшылар:

Полина Уфимцева,
Юлия Фоменко,
Валерия Настенко,
Айгүл Мүлкібаева.

Шабуылшылар:

Татьяна Никитина,
Бота Уатаева,
Жанна Сыроешкина,
Кристина Белова,
Перизат Нұрбергенова,
Маргарита Бельченко.

Жаттықтырушылар:

Бас бапкер — Асқар Шалқыбеков.

Бас бапкердің көмекшілері — Денис Исаев, Руслан Аюпов.

Дене шынықтыру жаттықтырушысы — Александр Титоренко.

В тобындағы Қазақстан құрамасының матч кестесі:

22 тамыз: Қазақстан — Индонезия,
23 тамыз: Қазақстан — Аустралия,
25 тамыз: Таиланд — Қазақстан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын волейболдан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталғанын жазған едік.