Волейболдан Азия кубогы: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары анықталды

АСТАНА. KAZINFORM — Үндістанда 20-28 маусымда өтетін волейболдан ерлер командалары арасында Азия кубогында Қазақстан құрамасы өнер көрсетеді.

волейбол
Фото: instagram.com/atyrau_vc

Қазақстан волейбол федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандықтар А тобында бақ сынайды. 

Бұл топта Қазақстаннан басқа Үндістан, Аустралия, Бахрейн, Қытай Тайбэйі және Жаңа Зеландия командалары бар. 

Сонымен қатар биылдан бастап Сергей Трикоз жаттықтыратын Қазақстан ұлттық құрамасына кімдердің алынғаны белгілі болды.

Байланыстырушылар:

№3 Мақсат Нұрлыбек,

№21 Нұрлыбек Нұрмахамбетов.

Либеро:

№2 Муроджон Хавазматов,

№15 Ислам Ассым.

Орталық тосқауыл қоюшылар:

№8 Айбек Жақсылықов,

№23 Дінмұхаммед Қабдулов,

№28 Әділжан Балтабаев,

№39 Антон Кузнецов.

Шабуылшылар:

№4 Азамат Сейілханов,

№27 Асылхан Ізбергенұлы,

№52 Клим Рюхов,

№66 Владислав Мастихин.

Диагональ ойыншылар:

№22 Илья Таволжанский,

№99 Диёрбек Икрамов.

Осыған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы Филиппинде өткен Азия кубогында төртінші орын алған болатын.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын волейболдан Азия кубогын Қазақстан құрамасы жүлдесіз аяқтағанын жазған едік.