Волейболдан Азия кубогын Қазақстан құрамасы жүлдесіз аяқтады

АСТАНА. KAZINFORM — Филиппиннің Кандон қаласында волейболдан әйелдер командалары арасында өтіп жатқан Азия кубогы додасында Қазақстан құрамасы қола жүлде үшін сынға түсті. 

Волейболдан Азия кубогын Қазақстан құрамасы жүлдесіз аяқтады
Фото: volleyfederationkz volleyfederationkz

Асқар Шалқыбековтің шәкірттері Вьетнам құрамасымен үшінші орынды сарапқа салды.

Топтық бәсекеде қазақстандықтар Вьетнамды 3:2 есебімен жеңген еді. 

Жартылай финалда Қазақстан командасы Тайбэйге есе жіберсе, вьетнамдық волейболшылар Оңтүстік Кореядан ұтылып қалды. 
Бұл жолы Вьетнам құрамасы есе қайырып, 3:0 (25:17, 25:12, 25:19) есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, қазақстандықтар Азия кубогын жүлдесіз аяқтап, төртінші орынға ие болды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан құрамасының волейболдан Азия кубогының қола жүлдесіне таласатынын жазған едік