Волейболшылар жағажай Азиадасында 1/4 финалға шыға алмады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан құрамасының жағажай волейболшылары Дмитрий Яковлев пен Абдулмажид Мохаммад Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарының 1/8 финалында өнер көрсетті.

Волейболшылар
Фото: Никита Басов, Қазақстан ҰОК

Ширек финалға жолдама алу үшін өткен ойында қазақстандықтар Оман құрамасының өкілдері Саид Али Аль Джалабуби мен Зухран Сулайман Аль Хашимимен кездесті.

ҚР ҰОК мәліметінше, кездесу екі партияға созылып, нәтижесінде омандық жұп жеңіске жетті. Қорытынды есеп - 2:0 (21:15, 21:19). Осылайша, Дмитрий Яковлев пен Абдулмажид Мохаммад жарысты аяқтады.

Сонымен қатар қазақстандық волейболшылар Екатерина Рюхова мен Кристина Каримова жағажайдағы Азия ойындарының 1/8 финалында жеңіліп қалды.

Айта кетейік, бүгін, 26 сәуірде, 1/8 финалда Сергей Богату мен Кирилл Гурин де өнер көрсетеді.

Қазақстан ерлер құрамасы Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында ашық суда жүзуден 5 шақырымдық финалдық сайысқа қатысты.