Волонтерлер қарттар мен мүгедектерге азық-түлік, дәрі жеткізіп береді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының еріктілері қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Бұл жайлы шаһар басшысы Жақсылық Омар Instagram желісіндегі жеке парақшасында жазды.

«Коронавирустың алдын алу мақсатында қаламызда волонтерлердің бастамасымен қарттарға және мүмкіндігі шектеулі адамдарға азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізу қызметі іске қосылды. Көмек көрсету сұрақтары бойынша 8747-202-13-26, 25-01-90 телефондарына хабарласуға болады», - дейді әкім.


Соңғы жаңалықтар