Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ВТБ Қазақстан банкі директорлар кеңесінің төрағасы сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ВТБ Қазақстан банкінің директорлар кеңесінің төрағасы болып Денис Бортников сайланды, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

ВТБ Қазақстан банкі директорлар кеңесінің төрағасы сайланды

Денис Бортников 20 жылдан астам уақыт банк саласында қызмет атқарып келеді, оның 11 жылын ВТБ банкінде өткерген. Маман осыған дейін аталған банктің басқарма президент-төрағасының орынбасары қызметін атқарып келген.

«Денис Александровичтің Қазақстандағы еншілес банктің директорлар кеңесінің төрағасы болып сайлануы - өте салмақты әрі жан жақты қарастырылған шешім. Дәл қазіргі уақытта Денис Александрович ВТБ Қазақстан банкінің 2017-2019 жылдардағы даму стратегиясына  сәйкес «орта және шағын бизнес» бағытындағы топқа жетекшілік етеді. Оның тәжірибесі мен стратегиялық біліктілігі алдыға қойған жоспарларымызды жүзеге асыруға септігін тигізетіндігіне сенемін», - деді ВТБ Қазақстан банкі басқарма төрағасы Дмитрий Забелло. Банктің директорлар кеңесі мүшелерінің саны өзгеріссіз қалды - 7 адамды құрайды.