Вячеслав Ғиззатов ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының мұсылмандардың құқықтарының сақталу мәселелері жөніндегі директорымен консультация өткізді

ВАРШАВА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат - Варшавада ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасының мұсылмандарға қатысты төзбеушілікпен және кемсітушілікпен күрес жөніндегі жеке өкілі
None
None
- Қазақстан Сыртқы істер министрінің арнаулы кеңесшісі Вячеслав Ғиззатовтың ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының директоры Янеш Ленарчичпен және бюро сарапшыларымен консультациясы өтті, деп хабарлады ҚазАқпаратқа Қазақстанның Польшадағы Елшілігінен.ЕҚЫҰ бюросының өкілдері қазақстандық дипломатқа ЕҚЫҰ кеңістігінде мұсылмандарға, христиандарға және басқа да діндерді ұстанушыларға қатысты нәсілшілдік, ксенофобия және кемсітушілік құбылыстардың жолын кесумен байланысты ағымдағы іс-шаралар мен жобалар туралы кеңейтілген ақпараттарды таныстырды. 2009 жылы бірлесіп атқарылатын жұмыстардың күнтізбелерін талқылау, Грекия төрағалығының үш жеке өкілінің желісі бойынша өзара іс-қимылдарды талқылау мәселелеріне баса назар аударылды.
Соңғы жаңалықтар