Wildberries және Russ балаларды алдаудың жаңа алаяқтық схемасын анықтады
АСТАНА. KAZINFORM – Wildberries және Russ біріктірілген компаниясы балаларды алдау бойынша алаяқтықтың жаңа схемасын анықтады, деп хабарлады ТАСС.

Бұл схема келесідей – алаяқтар мессендждерде ойын блогерлерінің атынан жалған аккаунттар құрады. Содан кейін ықтимал құрбан «сүйікті блогерінен» пайдалы ұсынысы бар хабарлама алады – мысалы, ойын ішіндегі заттарды төмендетілген бағамен сатып алу. Бала келіскенде, одан ата-анасының картасының мәліметтерін немесе маркетплейстегі жеке кабинеттің логин мен құпиясөзін енгізу сұралады.
Ақпаратты алған алаяқтар танымал маркетплейстерден әртүрлі цифрлық тауарлар, мысалы, ойын платформаларының валютасын, сыйлық сертификаттарын және т.б. сатып алады. Содан кейін тауарлар айтарлықтай жеңілдікпен қайта сатылады. Ақшаны қайтарудың жалғыз жолы – полицияға хабарласу.
- Wildberries-тің өткен айда анықталған жағдайлардың үлгісіне негізделген бағалауынша, мұндай схемаға «ілінген» нарықтағы клиенттер алдағы бір жылда шамамен 350 млн рубль шығынға ұшырауы мүмкін, - деп түсіндірді компаниядан.
Wildberries and Russ біріккен компаниясы Trust&Safety бөлімінің басшысы Игорь Сомовтың айтуынша, балалар – алаяқтар әрекетінен зардап шеге алатын әлеуметтік топ. Осыған байланысты балалардың цифрлық ортадағы белсенділігін жіті қадағалап, олардың кибер санасын ерте жастан дамыту маңызды.
Осылайша, ата-ана баласына арнайы ұсыныстар мен сыйлықтар туралы кез келген ақпаратты ойынның немесе қызметтің ресми порталдарында тексеріп отыру керектігін үнемі түсіндіруі керек.
Айта кетейік, Ресей астанасының орталығындағы Wildberries кеңсесінің жанында атыс болып, екі адам қаза тапты.