20:23, 16 Ақпан 2009 | GMT +5
Windrose авиакомпаниясы Киев-Астана рейсін ашады
КИЕВ. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат – Windrose авиакомпаниясы Киев-Астана-Киев жаңа рейсін ашатынын жариялады. Киевтен Астанаға және одан кері қарай ұшуды авиакомпания 2009 жылғы наурыздың 31-інде бастағалы отыр,
деп хабарлады ҚазАқпаратқа компанияның баспасөз қызметінен. Рейстер аптасына екі рет наурыздың 31-інен сейсенбі күндері және мамырдың 21-інен бейсенбі күндері жаңа Boeing 737-800 ұшақтарымен атқарылады, онда 174 орын бар. Windrose директоры Владимир Каменчуктің айтуынша, Киев пен Астана арасындағы тікелей рейс Украина мен Қазақстан елордаларының ғана емес, екі ел арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарды дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Киев?Астана компанияның үшінші тұрақты рейсі, бұған дейін Харьков-Ыстамбұл және Киев-Мәскеу әуе қатынастары ашылған болатын.