World Boxing: Әлем чемпионатында тағы екі боксшы ширек финалға шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан тағы екі боксшы жарысты жалғастырады.
Алдымен Махмұд Сабырхан (55 келі) ширек финалда косоволық Башким Бажокумен кездесті. Бірінші раундта қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа жіберді. Нәтижесінде жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Қазірге дейін ел құрамасынан Алуа Балқыбекова (51 келі), Виктория Графеева (60 келі) ширек финалға жолдама алды.
Нұрбек Оралбай бұл кезеңде Қытай елінің өкілі Тоқтарбек Таңатханмен кездесті. Үш раунд бойы қарсыласына мүмкіндік бермеген Нұрбек Оралбай төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Сондай-ақ кешкі сессияда бес боксшымыз шаршы алаңға шығады.
Кешкі сессия (22:00)
48 келі. Назым Қызайбай — Лила Зелецкий
50 келі. Санжар Тәшкенбай — Хутхайха Эшиш
85 келі. Бекзат Нұрдәулетов — Георгий Кушиташвили
70 келі. Наталья Богданова — Сема Чалышкан
65 келі. Ертуған Зейнулинов — Патрис Мугалзай.
Дүбірлі дода 4-14 қыркүйек аралығында Англияның Ливерпуль қаласында өткізіледі. Жекпе-жектер «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.