WorldSkills Kazakhstan 2024: кәсіби-техникалық дағды үздіктері анықталды

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада колледж стунденттеріне арналған «WorldSkills Kazakhstan 2024» республикалық чемпионатының жеңімпаздары марапатталды.

Ғани Бейсенбаев
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

«WorldSkills Kazakhstan 2024 әр аймақтың қатысушыларына бір-бірімен жарысу арқылы дағды, құзыреттің шыңдалуына мүмкіндік берген жарыс деп ойлаймын. Чемпионатқа қатысудың өзі жаңа дем, ұмтылыс, тәжірибе жинау және алдағы мақсатқа жетуге мүмкіндік», - деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев чемпионат жеңімпаздарын марапаттау сәтінде.

Министрдің айтуынша, республикалық жарыстың колледж студенттері арасында салалық жұмысшы мамандықтарындағы құзырет деңгейін айқындауда маңызды.

WorldSkills
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

«Президент 2025 жылды жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Бұл символды іс-шара, кәсіптік техникалық білім беру ошақтары атсалысады деп ойлаймыз. Біз келер жылды босқа өткізбей, жұмысшы мамандықтарын халыққа түсіндіріп, дәріптейміз», - деп толықтырды ведомство басшысы.

Командалық есепте Астана қаласының құрама командасы, екінші орында – Абай облысы және үшінші орында – Алматы қаласы көшбасшы атанды.

Айта кетейік, жеңімпаздар еліміздің жетекші компанияларынан жұмысқа шақырулар алып, келесі жылы Данияда өткен EuroSkills чемпионатына қатысу үшін ұлттық құрамаға кіру мүмкіндігіне ие болды.

WorldSkills
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Командалық есепте Астана қаласының құрама командасы көш бастады, екінші орында Абай облысы және үшінші орында Алматы қалалық құрамы үздік атанды.

Айта кетейік, жеңімпаздар еліміздің жетекші компанияларынан жұмысқа шақыру алып, келесі жылы Данияда өткен EuroSkills чемпионатына қатысу үшін ұлттық құрамаға кіру мүмкіндігіне ие болды.

Биыл WorldSkills Kazakhstan ұлттық чемпионаты алаңдарында 555 қатысушы электроника, өнеркәсіптік автоматика, мехатроника, инженерлік графика, кондитерлік іс, электр монтаждау жұмыстары, дәнекерлеу технологиялары, веб-технологиялар және бизнеске арналған IT-шешімдер, сән технологиялары сияқты 30 құзырет бойынша өз дағдыларын көрсетті.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрі елордада ұлттық құзырет орталығы құрылатынын айтты.

 

Соңғы жаңалықтар