XVII «Еуразия» халықаралық кинофестивалі демеушілер есебінен өтеді

АЛМАТЫ.KAZINFORM – XVII «Еуразия» халықаралық кинофестиваліне бюжеттен қаржы қарастырлымаған. Бұл туралы XVII «Еуразия» халықаралық кинофестивалінің ресми баспасөз конференциясы барысында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы президентінің міндетін атқарушы директоры Айдар Омаров айтты.

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» АҚ вице-президенті сотталды
Фото: Александр Павский/Kazinform

XVII халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің директоры Айдар Омаровтың айтуынша, фестивальді ұйымдастыру Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясына тапсырылды.

«Мұның өзіндік себебі де бар. Биыл киностудия бірнеше маңызды мерейтойды атап өтіп жатыр. Біріншіден, киностудияның 90 жылдығы. Екіншіден, қазақ киносының майталманы – Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл және «Қазақфильм» киностудиясына оның есімі берілгеніне 40 жыл толды. Алдағы фестивальде осы айтулы күндерге ерекше мән берілмек», - деді ол.

Айдар Омаровтың сөзінше, халықаралық кинофестиваль демеушілер есебінен өтеді.

«XVII «Еуразия» халықаралық кинофестиваліне бюжеттен қаржы қарастырлымаған. Ол толық демеушілердің көмегімен ұйымдастырылып жатыр. Атап айтар болсам, Bazis-A халықаралық құрылыс компаниясы, KAZ Minerals тау-кен компаниясы, Sarens Kazakhstan, Salem Entertainment, Kinopark Theatres кинотеатрлар желісі және Astana Motors»,- деді спикер.

Еске салайық, халықаралық «Еуразия» кинофестивалі 2024 жылдың 24-30 қараша аралығында Алматыда өтеді. Фестивальге 15-тен астам ел қатысады

Кинофестивальдің толық бағдарламасымен сілтеме арқылы таныса аласыз. 

Соңғы жаңалықтар