XXI ғасырда Қазақстан халқы Ассамблесының миссиясы кеңейе түседі - ҚХА Кеңесінің отырысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассаблеясының XXI сессиясы аясында Тұңғыш Президент мұражайында Мемлекеттік хатшы Әділбек Жақсыбековтың қатысуымен Ассамблея Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлады Халықаралық «Бәйтерек» медиа-орталығы ЖШС.
None
None

ҚХА Кеңесінің жұмысына ҚР Парламентінің депутаттары, облыстар, қалалар, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері, этномәдени бірлестіктердің, өңірлік ассамблея хатшылықтары жетекшілері, министрліктер мен ведомстволар, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты.

ҚР Мемлекеттік хатшысы «қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік Қазақстанның стратегиялық мақсаттарына жетудің басты талаптарына айналуда» екенін тілге тиек етті. Жаңа талаптарға сай Ассамблея жалпыазаматтық, саясаттан үстем жалпыхалықтық тиіс, ал оның миссиясы XXI ғасырда кеңейе түседі» деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, алға қойған мақсаттарға жетуде, әсіресе өңірлерде, мемлекеттік этносаясаттың дамуы мен Ассамблеяның институционалды нығаюы септесуі тиіс.

Өз сөзінде Жақсыбеков Президенттің халыққа арналған «Қазақстандық жол - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында жүктелген Ассамблея мен оның Кеңесінің міндеттеріне тоқталды.

Жұмыс қорытындысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің хаттамасы қабылданды.

Соңғы жаңалықтар