Ядролық қарусыз әлемнің жалпыға ортақ декларациясын қабылдауды біз ХХІ ғасырдағы жаһандық ядролық қауіпсіздіктің тұтастай жүйесімен байланыстырамыз - Елбасы Н. Назарбаев

ТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Ядролық қарусыз әлемнің жалпыға ортақ декларациясын қабылдауды біз ХХІ ғасырдағы жаһандық ядролық қауіпсіздіктің тұтастай жүйесімен байланыстырамыз.

Ядролық қарусыз әлемнің жалпыға ортақ декларациясын қабылдауды біз ХХІ ғасырдағы жаһандық ядролық қауіпсіздіктің тұтастай жүйесімен байланыстырамыз - Елбасы Н. Назарбаев

Бүгін елордада өтіп жатқан «Ядролық қарусыз әлем үшін» форумында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

«Ядролық қарусыз әлемнің жалпыға ортақ декларациясын қабылдауды біз БҰҰ-ның қатаң қадағалауында болатын ХХІ ғасырдағы жаһандық ядролық қауіпсіздіктің тұтастай жүйесімен байланыстырамыз. Ядролық қарусыз әлемді құру планетамыздағы барлық дұрыс ойлайтын адамдардың бірігуінсіз, яғни жаһандық қатысусыз жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтан да, бүгінгі күні ғаламдық ядроға қарсы қозғалысты құрудың маңызы аса зор. Осыған үндеген және жер шарының барлық құрлығында осыны ұйымдастыруға кіріскен маңызды», - деді Елбасы Н. Назарбаев өз сөзінде.