Ялтада А.Спендияров атындағы сазгерлер байқауында 14 жастағы қазақстандық композитор бірінші сыйлықтың иегері атанды

АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Қарашаның 1-і мен 3-і аралығында Ялтада А.Спендияров атындағы 3-ші халықаралық «Әлемнің бесік жыры. Жан жарығы» атты сазгерлер байқауы өтті.
None
None

Оған Украина, Ресей, Өзбекстан, Беларусь, Қазақстан және өзге де елдердің композиторлары қатысты. Қатысушылардың көбі кәсіби композиторлар, педагогтар, аспиранттар мен түрлі консерватоиялардың студенттері. Олардың арасында 63 жастағы тәжірибелі музыканттар да болды.

Қазақстан атынан шыққан М.Төлебаев атындағы Балалар музыкалық мектебінің түлегі, Алматы қаласындағы 159-гимназияның оқушысы, 14 жастағы Рахат-Би Әбдісағин байқауда өзінің 2 туындысын таныстырды. Көрермендер мен қазылар алқасына, әсіресе, оның Ш. Айтматов әңгімесінің желісімен жазылған «Қайтқан құстардың зары» туындысы ерекше әсер етті.

Қазылар алқасының төрағасы, Украинаның халық әртісі, П.И.Чайковский атындағы Ұлттық музыка академиясының композиция кафедрасының профессоры А.В Костин Рахат-Би туындысы өзінің сапалық деңгейімен байқаудың дәрежесін әлдеқайда көтере түскенін атап өтті. Бұл - Қазақстанның кенге ғана емес, дарындарға да бай екендігінің дәлелі.

Соңғы жаңалықтар